«QAZAQ RADIOLARY» жаңа маусымды немен бастайды? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«QAZAQ RADIOLARY» жаңа маусымды немен бастайды? (ВИДЕО)

28.08.2017

Қазақтың үнжариясы «QAZAQ RADIOLARY» жаңа маусымның шымылдығын түрді. «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС Бас директоры Мәди Манатбек арнайы «Таңшолпан» бағдарламасында жаңашылдықтарымен бөлісті.

«Радиомыздағы басты жаңалық -  осыған дейін Қазақ, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиоларының басын қосқан мекеме ««Республикалық радио» ЖШС деп аталды. Бірақ, ел жаңа бір радио ашылды ма деген сияқты шатасты. Сондықтан, біз ойлана келе бір ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосының атауын негізге алып «QAZAQ RADIOLARY» атауымен алмастырдық», -дейді.

Жаңа маусымда радиоларда тың бағдарламалар өте көп. Айта кетер болсақ, Сатирик Көпен Әмірбектің  «Ара» радиожурналы, Қалқаман Сариннің «Қауырсын ғалам», Ербол Алшынбайдың «Алашнама», Мәдина Махамбетқызының «Сарбаз», Гүлжазира Берікқызының «Сүйінші» атты хабарлары тыңдарманға жол тартады. 

Сондай-ақ, спортсүйер қауым мен балаларға арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Жаңалықтардың да уақыты өзгерді. Енді әр сағаттың басында тыңдарман жаңалық тыңдайтын болады. Сонымен қатар, жаңа маусымда радио жүргізушілерімен әлеуметтік желі арқылы байланыс орнатылып, бағдарламаны талқылау, құттықтау, өтініш-пікірлер қабылданатын болады.

Хабарламаларға жазылу