Жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына – 95 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Тахауи Ахтановтың туғанына – 95 жыл

25.10.2018

Бүгін - қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туған күні.

Қаламгер 1923 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысында дүниеге келген. Белгілі сөз шеберінің қай шығармасын алсаңыз да, көргенін, жанымен сезінгенін өз туындыларына арқау етті. Жастық шағы соғыспен тұспа-тұс келіп, қаламы тез қатайған. 50-шы жылдары әдебиетіміздің ең ауыр жүгін көтеріскен ұрпақтың бірі еді.

Тахауи Ахтановтың әдеби мұрасы - оқырман үшін ешқашан ескірмейтін рухани қазына. Ендеше, класссикалық мұралар қатарынан орын алған жазушы шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа жете берері анық.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу