«Мәселе» шешкен мәселе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» шешкен мәселе

20.10.2018

«Басқа түгілі бас қаладағы ахуал мынадай болса, басқасын қоя салыңыз...» Астанада адамды ашындыратын жайт орын алса болды жұрт осылай гу ете қалады. Өйткені, еңселі елордада кемшілік болмауы керек сияқты көрінеді. Бірақ, апта сайын ақпаратты ақтарып айтатын әріптестерім бас қаладағы «әттеген ай»-ларды жұртқа жиі жеткізеді. Бізде бүгін соның бірін көрсетпекпіз. Ақшаны қалтаға басып, міндетін орындауға келгенде қашып жүрген пәтер иелері кооперативіне шағымданған жұрт шырылдап қоя берді. Ай сайын төлем қағазын әкеліп, елге дөң айбат шегіп ақы алып, жеме-жемге келгенде түк тындырмайтын КСК-ларды тәртіпке салсын деп әкімдікке барса, шенеуніктер тойған қозыдай монтиып отырып тыңдайды, бірақ, арызды алғаны болмаса жауапсыздарды жауапқа тартпайды деп күйінеді ел. «Ашынғаннан шығады ащы дауысым» демекші, пәтер иелері кооперативіне жем болған жұртты тыңдап, қуларға шенділердің неге түк дей алмай шегіншектеп отырғанын біліп келдік. «Мәселе» шешкен мәселені көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу