Жүсіпбек Қорғасбек: Шерхан Мұртаза басқарған жылдары қазақ баспасының дәурені жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүсіпбек Қорғасбек: Шерхан Мұртаза басқарған жылдары қазақ баспасының дәурені жүрді

10.10.2018

Бүгінгі «Таңшолпан» бағдарламасы қазақтың айбары, күні кеше өмірден өткен Шерхан Мұртазаға арналды. Осыған орай жазушы Жүсіпбек Қорғасбек Алматы студиясында қонақта болып, өз естеліктерімен бөлісті. 

«Шерхан Мұртазаның бойы да, ойы да шымыр адам. Көптеген баспаларды басқара отырып, журналистік қызметке де, аудармашылыққа да үлгерді. Оның күндіз-түні жұмыс істеп жүріп, шығармашылыққа қалай үлгергенін біз біле бермейміз. Мұның барлығын уақытты дұрыс бөлуіне байланысты керемет орындады деуге болады.

Шерхан ағаның еңбегін халық мойындайды. Алайда, оның шығармашылығын талдап жатқан адамдаы көрмейміз. Шерхан Мұртаза басқарған жылдары қазақ баспасының дәурені жүрді.

Қазақ жазушыларының барлығы шығармашылықты ақындықтан бастаған десе де болады. Шерхан Мұртаза да әдебиетті өлең жазудан бастады. Оның ойы мен сөзі шымыр, ал, көркемдігі өз алдына. Осының барлығына ақындығы әсер етті.

Қасында жүрген соң ел біле бермейтін қасиеттерін айта кетсек болар. Ол бізді аша алды. Досы да, дұшпаны да болды. Бір қызығы, ол досқа да дұшпанға да адал болды. Ешкімге қиянат жасаған емес. Бұл бойындағы үлкен қасиет болса керек», - дейді жазушы.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу