Тұңғыш қазақ полкын басқарған қазақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш қазақ полкын басқарған қазақ

05.11.2014
Тұңғыш қазақ полкын басқарған қазақ

Торғай өңірі талай тарихи оқиғаларға куә. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс те осы жерден бастау алған еді. Амангелді Иманов, Әліби Жангелдиндер Торғайдағы қарулы, ержүрек жігіттерді іздестіріп, өз  әскеріне қоса бастады.

Өзінің батылдығымен ерекшеленген 20-дағы бозбала Қоғабай Жоламанов Жангелдиннің көзіне түседі. Осылайша, оны Әліби Жангелдин оққағар етіп алады. Әлібимен бірге Орынбор, Торғай, Шалқар арқылы пойызбен жылына екі реттен Санкт-Перетбургқа барып келіп жүреді.

Әліби Жангелдин 1919 жылы қарамағындағы сегіз жігітті Орынбордың әскери училищесіне оқуға түсіреді. 1924 жылы сол торғайлық 8 жігіттің бесеуі әскери училищені толық бітіріп шықты. Олардың арасында Қоғабай Жоламанов та бар еді.

«Репрессия біздің отбасымызды да айналып өтпеді. Өйткені, Қоғабай атаның ағасы Масғұт «халық жауы» атанып, репрессияға ұшырайды. Ауылдағы кейбір адамдардың көрсетуімен бұл Қоғабайға да кесірін тигізеді. Оны да түрмеге жабуға үкім шығарылады. Бірақ, кейін сол кездегі КСРО-ның бас қолбасшылығындағы Шапошник деген белгілі генералдың нұсқауымен түрмеден босатылады»,- дейді немересі Архат Ғаріпжан.

1934 жылы Кеңес үкіметінің қорғаныс мекемесі бас штабтың шешімімен Қоғабай Жоламановқа майор шен беріліп,  Алматы қаласында жасақталған алғашқы қазақ полкының командирі етіп тағайындайды.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу