Кереку жұртшылығы театр әртісі Бекболат Оқасовты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кереку жұртшылығы театр әртісі Бекболат Оқасовты ақтық сапарға шығарып салды

27.03.2018

Қазақ өнері қара жамылды. Кереку жұртшылығы Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ сазды-драма театрының белгілі әртісі Бекболат Оқасовты ақтық сапарға шығарып салды.

Бекболат Қабиденұлы 1975 жылы туған. Т. Жүргенов атындағы театр және көркем сурет институтын бітірді. Жүсіпбек Аймауытов театрының сахнасында 20 жылға тарта еңбек етті. Кейінгі жылдары театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Ондаған спектакльде басты рөлдерді сомдап, көрерменді даралығымен тәнті етті. Республикалық фестивальдерде «Ең үздік ер адам рөлі»  және басқа да марапаттарға  ие болып, ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты атанды.  Бекболат Оқасовтың қазақтың театр өнерін жаңғыртуға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Оның қайталанбас таланты, өзіне ғана тән азаматтық келбеті мәңгі халық жүрегінде қалмақ.   

Мұқтар Манапов, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері:

- Бекболат ерте жанып кетті. Қазақтың театры, ұлттық өнерінің бір пұшпағы сынғандай болып тұр.     

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу