Геннадий Шиповских: Елбасының әрбір Жолдауының ерекшелігі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Шиповских: Елбасының әрбір Жолдауының ерекшелігі бар

08.10.2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских «Таңшолпанда» қонақ болды. Депутат жуырда өткен Елбасының Жолдауына қатысты пікірін білдірді.

«Елбасының әрбір Жолдауының ерекшелігі бар. Мысалы, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы, «5 әлеуметтік бастама» Жолдауы еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған. 

Биылғы Жолдауда кәсіпкерлікке арналған көптеген ұсыныстар бар. Мысалы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс түсті. Өйткені бағдарламалар керемет серпін берді. Яғни, мемлекет тарапынан қолдау, субсидия арқасында орта, шағын бизнестің нысандары ашылды. Бұл жұмыс орындарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде экономиканың жоғарылауына себепкер», - дейді депутат.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу