Әріптестік байланыс беки түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әріптестік байланыс беки түседі

27.01.2014
Әріптестік байланыс беки түседі
Астанада Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссияларының төрағалары кездесу өткізді. Онда екі елдегі сайлауларды өткізу бойынша тәжірибемен алмасты.
 
Сондай-ақ, жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауының ерекшелігі туралы  айтылды.
 
Бұл құжат тек қазақстандықтар емес, қырғыз елінің тарапынан да зор қолдауға ие болды. «Осындай санаулы уақытта сан қилы жетістікке жеткен Қазақстан халқына қызыға қараймыз», дейді көрші республиканың өкілдері.
 
Ал біздің тарап ынтымақтастық алдағы уақытта да осындай жемісті және сындарлы сипатта жалғаса беретінін айтты.
 
Туйгунаалы Абдраимов, Қырғыз Республикасы Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы:
Шыны керек, Қазақстан барлық ТМД мемлекеттерінің арасында көш ілгері. Қазақстанда бүгін қай саланы алсаң да, жоғары деңгейде дамыған, халқы тату-тәтті, ынтымағы жарасқан. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатына таңқаламыз. Оның көрегендігінің арқасында сіздердің елдеріңіз дамыған 30 елдің қатарына көп ұзамай кіретініне сенімдеміз.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу