Халық әртісі Тілектес Мейрамов 70 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық әртісі Тілектес Мейрамов 70 жаста

05.10.2018

Актер 70 жасқа толған мерейтойын 30 жылға жуық тер төккен қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының ұсынысымен Алматы қаласынан бастады. Тілектес Мейрамов қазір Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында қызмет етеді.

Тілектес Мейрамов Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының жанындағы актерлік студияны тәмамдады. Өнер жолы оқудан, үнемі ізденістен тұратын түсінген ол Алматыға келіп, Қазақ ұлттық өнер консерваториясына түседі.

1974 жылы режиссер Әзірбайжан Мамбетовтың назарына ілініп, театр табалдырығын аттаған. Киелі сахнаға қобалжып, жүрексіне келген жігіт театрдың іргетасын қалаған ұлы тұлғалардың ізіне ілесті.

Тілектес Уахитұлы актерлік өнермен қатар, ұстаздық қызмет атқарады.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу