Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамов жайлы кітап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамов жайлы кітап шықты

26.11.2018

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі актер Тілектес Мейрамов жайлы кітап шықты. Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда туындының таныстырылымы өтті. Өнер қайраткерінің 70 жас мерейтойына орай шыққан кітапта актердің өмір жолы мен өнердегі белестері жайлы жазылған. Сондай-ақ, актердің мерейлі мерекесіне орай «Қардағы көгершіннің ізі» атты қойылымның премьерасы болды. 

Ұлпан Серікболқызы, кітап авторы:

- Ол кісі әрбір рөлге аса дайындықпен келетін шебер актер.

Тілектес Мейрамов, Қазақстанның Халық әртісі:

- Менің ұстаздарым жақсы болды. Ең алғашқы «Қозы-Көрпеш» спектаклімдегі әртістер Кеңес одағының Халық әртістері болды.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу