Тілектес Мейрамов: Көрермендерден Абай атамызға деген ықыласты күтемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тілектес Мейрамов: Көрермендерден Абай атамызға деген ықыласты күтемін

01.10.2015
Тілектес Мейрамов: Көрермендерден Абай атамызға деген ықыласты күтемін

Бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының  ХХV мерейтойлық жаңа маусымы «Абай» спектаклімен ашылады. «Таңшолпан» студиясында аға Абай рөлін сомдайтын актер,  ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов қонақ болды.

«Қазір бұрынғымен салыстырғанда  халықтың театрға деген ынтасы күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі кеште өзіме немесе әріптестерімен емес,  Абай атамызға деген ықыласты көбірек күтемін. Біздің өнеріміз көрермен көңілінен шығып жатса, одан артық қуаныш жоқ», - дейді актер.

Сондай-ақ, ол кино саласындағы жаңалықтарымен де бөлісті.

«Жақында Ұлттық арнаның тапсырысымен түсіріліп жатқан жас режиссер  Серік Өтепбергеновтің  фильміне қатысуға ұсыныс түсті. Фильмнің сценарийі ұнағандықтан, келісімімді бердім. Онда генералдың рөлін сомдаймын», - дейді Тілектес Мейрамов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу