Ұстаздар күні Жақсыгүл Қалжанованың «Бесіктен 5-ке дейін» кітабының тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар күні Жақсыгүл Қалжанованың «Бесіктен 5-ке дейін» кітабының тұсаукесері өтеді

05.10.2018

Бүгін – Халықаралық ұстаздар күні. Ал, алдағы жексенбі күні ұстаздар күні елімізде аталып өтеді. Ұстаздар күні ұстаз, ақын-сазгер, білім беру ісінің үздігі Жақсыгүл Қалжанованың «Бесіктен 5-ке дейін» кітабының тұсаукесері өтеді. Алматы студиясына келген ұстаз бала тәрбиесіндегі құндылық жайында сөз қозғады.

«Бәрі де ұстаздықтан басталады. Кітаптардың дүниеге келуі – балаларға қажеттіліктен туған дүние. «Бесіктен 5-ке дейін» кітабының шығуы – бұрыннан көкейде жүрген дүние. Отбасынан басталған тәрбие бала бақшада, кейін мектепте жалғасын табады. Өз сабақтастығын үзбей келе жатқан тәрбие құнды болады.

Кітапта бесік жырынан бастап, 5-ке дейінгі отбасында анасынан алатын тәрбие ұласады. Мысалы, амандасу, жақындардың қарым-қатынасы, жемістер, жалпы 5-ке дейін не білу керек соны қамтиды», - дейді ұстаз.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу