Анар Жайылғанова: Медиацияның мақсаты – адамдарды өзара келісімге келтіру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анар Жайылғанова: Медиацияның мақсаты – адамдарды өзара келісімге келтіру

02.10.2018

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болды. Депутат еліміздегі медиация саласы, оның жетістіктері мен кемшіліктері туралы сөз қозғады.

«Медиация туралы заң 2011 жылы қабылданды. Одан кейін Азаматық процессуалдық кодексті қабылдаған кезде медиацияға қатысты арнайы блог жасалды. Қазір ол соттарда көп қолданылып жатыр. Бұл ретте бірінші мәселе – кәсіби медиаторларды дайындау. Медиацияның мақсаты – адамдарды өзара келісімге келтіру.

Медиация арқалы еңбек, азаматтық қарым-қатынастар қарастырылады. Ал, қылмыстық істер бойынша медиацияға тек жеңіл істер кіреді. Елімізде медиация жүйесінде реформация көп.

Медиаторлардың қызметі ақылы. Кәсіби медиатор - 40 жастан асқан, кәсіби емес медиаторлар - 25 жастағы азаматтар болуы шарт. Медиаторлардың басты мақсаты – адам психологоиясын жақсы біліп, адамдарды келісімге шақыру. Өйткені сотқа жеткен адам ашулы, өкпелі болады. Соларды ымыраға келтіру – медиаторлардың басты қызметі», - дейді депутат.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу