«balapan» телеарнасының ұжымы Астрахань қаласына барып, «Қоңыр қаз» анимациялық фильмін көпшілік назарына ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«balapan» телеарнасының ұжымы Астрахань қаласына барып, «Қоңыр қаз» анимациялық фильмін көпшілік назарына ұсынды

21.09.2018
«balapan» телеарнасының ұжымы Астрахань қаласына барып, «Қоңыр қаз» анимациялық фильмін көпшілік назарына ұсынды

«balapan» телеарнасының ұжымы Астрахань қаласында әйгілі күйші Құрманғазы Сағырбайұлына арналған  жиынға қатысып,  күй құдіретін паш еткен «Қоңыр қаз» анимациялық фильмін көпшілік назарына ұсынды.

Телеарна директоры Мақпал Жұмабай «balapan» телеарнасы туралы жан-жақты ақпарат беріп, балалар арнасын Qazaqstan TV мобильді қосымшасы арқылы онлайн көру мүмкіндігін таныстырды.

Бұл кездесуге Астрахандағы ғылыми қауымдастық пен зиялы қауым өкілдері, өнер ұжымдары қатысты. Атап айтсақ, кеш барысында Құрманғазы Сағырбайұлы музейінің меңгерушісі Әния Мақабаева, Құрманғазы атындағы аймақтық мәдени орталығының директоры Амангелді Абылғазиев, «Жолдастық» қазақ мәдени орталығының құрметті мүшесі Ермек Әлиев, Астрахан өнер және мәдениет колледжінің оқытушысы Қайрат  Қазанбаев сөз алып, «Самал» ансамблі мен «Шалқыма» халық аспаптары ансамблі өнер көрсетті.

Кездесу нәтижесінде өзара рухани-мәдени байланысты дамыту бойынша  ұсыныстар айтылып,  ой-пікірлер ортаға салынды. «balapan» ұжымы жиналғандарға анимациялық фильмдер топтамасын,  естелік сыйлықтарын тарту етті.

 

Хабарламаларға жазылу