Елордада анимация саласының үздік мамандары бас қосты
Елордада анимация саласындағы үздік мамандардың қатысуымен өткен шара қорытындыланды. Екі күндік шарада отандық және шетелдік мамандар мультфильм жасау процесі мен кезеңдері тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, анимация саласындағы заманауи тәсілдер туралы айтты. Қатысушыларға арнайы сертификат табысталды. Басты мақсат – анимация индустриясы саласында жұмыс істейтін азаматтардың кәсіби білігін арттырып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Бүгінде отандық мультфильмдерге сұраныс көбейген. Олардың қатарында «Қазақстан» Телерадиокорпорциясына қарайтын «Balapan» арнасының да анимациялық туындылары бар.
Бақытжан Шабдукәрім, «Ara» анимациялық студиясының продюсері:
Қолдау білім саласына берілсе, анимация алға жылжиды. Өйткені сауатты және жеткіілкті білім алған жастар бәсекелістікке түсіп, жақсы жобалар жасайды.
Қарлығаш Жұрмаханқызы, «Balapan» телеарнасының бас режиссері:
«Balapan» арнасы қазақ анимациясы қоржынын 150-ден астам мультхикаямен толықтырды. Бүгінгі таңда «Balapan» арнасының сериалдары шетелде, атап айтқанда, АҚШ-та, Латын Америкада, Ресейде өз сатылымын алды. Біздің «Тынымсыз Шөжелер», «Шахмат патшасы» атты шығармалар осы айтылған елдерде испан, португал, ағылшын тілдерінде көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35