«Tansholpan»-да 2018 жылғы рекордтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Tansholpan»-да 2018 жылғы рекордтар

10.09.2018

«Tansholpan»- ның бүгінгі санында 2018 жылғы рекордтар сөз болды.

«Жетістікке жетем» дейтін әрбір адам өз мақсатына асығады. Басқаларға өзінің қарым-қабілетін көрсеткісі келеді. Алайда кейбір жандар ғана өзгелерді таңдай қақтыру үшін көзсіз ерлікке барады. Олай болса елді елең еткізген рекордшылар туралы айтсақ...

АҚШ-тың Чикаго қаласында 164 адам ұшақтан секіріп, әуеде геометриялық фигураны түзген. Олар 175 км/сағ жылдамдықпен 75 с бойы көктен құлаған. Қауіпті спортқа 7 ұшақ пайдаланылған. Көзбен қарағанда оңай көрінгенімен, ауада бірігіп тұру – қиынның қиыны. Қиындыққа қарамастан, рекордшылар жерге аман-есен қонған.

Ал америкалық каскадер Люк Айкинс 7 м биіктіктен секіріп, жұрт назарын өзіне аударды. Қауіптісі сол – ол парашютті қолданбаған. Америкалық арналар оны тікелей эфирден көрсеткен. Жерде оны арнайы мамандар қауіпсіздік торымен күтіп алды. Осылайша ол арманын жүзеге асырды.

Бүгінде кубик-рубикті санаулы секунд ішінде айналдыратын жандар да бар. Алайда оны ауада жасау тек қытайлық 12 жасар жеткіншектің ғана қолынан келеді. Ол небәрі екі минуттың ішінде кубикті ауаға өзі лақтырып,  осы үш бірдей кубикті тиісті ретіне келтірген. Мұндай шеберлігі арқылы балғын «Гений» деген атқа ие болды.

Ал Борис Нолболцев бала кезінен жеңіл атлетикамен айналысқан. Осы қызығушылығы оны Геннис рекордтар кітабына енгізді. Ол бір минутта турникке  елу төрт рет тартылды.

Қай істе де болмасын, бәсекеге қабілетті болу – маңызды. Алайда артық қыламын деп, тыртық қылып алмаңыз!

 

Хабарламаларға жазылу