Нұрлан Дулатбеков: Туристік кластерді дамыту жұмыстарын қолға алып отырмыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Дулатбеков: Туристік кластерді дамыту жұмыстарын қолға алып отырмыз

06.09.2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков «Таңшолпанның» төрінде.

«Парламент регламенті бойынша ел аралап, биыл Жамбыл облысын араладық. Оның ішінде ауыл ішін, ауыл шаруашылығын, мектептерін, халықтың жай –күйін қарап шықтық. Ауылдағы  өзгерістер қатты қуантып отыр. Мысалы, Жамбыл облысында үлкен тас жолы салынған. Ол ел арасында байланысқа жақсы жағдай жасап отыр. Онымен қоса мектеп, колледждерді араладық. Халықтың жүрегінде үміт бар. Парламент қоржынына елдің аманатын алып келдік.

Күні кеше Парламенттің жұмысын бастап кеттік. Туристік кластерді дамыту жұмыстарын қолға алып отырмыз. Туризмды дамыту – Қазақстан үшін өте маңызды мәселе. Бұл ретте мәдени мұра ескерткіштерді қорғау, реставрациялау туралы заң жобасы келіп түсті. Қазір заң жобасы қызу талқалу үстінде», - дейді депутат.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу