Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын бастады

21.10.2022

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды үгіт-насихат штабы жұмысын бастады. Саяси науқан аясында жұмыс істейтін мамандар үгіт-насихат жүргізудің ережелерімен танысып шыққан.

Штабқа «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асхат Рахымжанов жетекшілік етеді. Орталық штаб еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ашылған аймақтық қоғамдық штабтардың жұмысын үйлестіреді. Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев ертеңнен бастап өңір-өңірді аралауға кіріседі. Үгіт-насихат жұмыстарына бірлестіктің өзге де мүшелері атсалысады.

Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:
Президенттік сайлауға түсу науқанын біз кеңірек халыққа түсіндіру арқылы, біздің партияның негізгі мүддесін, бағдарламасын толық жеткізу халыққа. Сол бағдарламаны жілік-жілікке шағып, қазір айтатын болсақ, ол түсінікті болса халыққа біздің айтып отырған мәселеміздің бәрі жүзеге асу. Сондықтан, біз мынау сайлауалды науқанды өте тиімді пайдаланып, халыққа бүкіл бағдарламамызды, ойымызды толық жеткізу.

Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, үгіт-насихат жұмыстарымен барлық аймаққа, шалғайдағы ауылдарға баруға тырысады. Кандидат ертең Қарағанды облысына барады. Жалпы, сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу