Нұрлан Нығматулин: Ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматулин: Ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысы артады

21.12.2020

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт науқаны аясында Қарағанды облысындағы кеншілермен, білім және медицина өкілдерімен кездесті. Баспана мәселесін шешу үшін партия бағдарламасында 103 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.  

Сондай-ақ, «Nur Otan» ауруханаларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті күшейту мен зертханаларды жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Білім беруді дамыту үшін 800 жаңа мектеп салынып, сапасыз оқулықтарды іріктеу қолға алынбақ. Нұрлан Нығматулин 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге, ал ұстаздардыкі 2024 жылы 2 есеге артатынын айтты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы :  
-Баспана, өндірісті дамыту, әлеуметтік сала, шағын, орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл әрбір қазақстандық үшін өте маңызды мәселе. Осы сұрақтар туралы бүгін кеншілермен, дәрігерлермен және мұғалімдермен кездесуде ашық әңгіме болды.  

Ақниет Балтанова  


жалақы Нұрлан Нығматулин Nur Otan

Хабарламаларға жазылу