Қазақстанның туристік кластерін дамыту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның туристік кластерін дамыту мәселелері талқыланды

19.02.2015
Қазақстанның туристік кластерін дамыту мәселелері талқыланды

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Мажарстан Сыртқы экономикалық және Сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесіп, қазақстандық-венгерлік қарым-қатынас пен парламентаралық үдерістерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, туристік кластерді дамыту, Қазақстан экономикасын әртараптандыру, қолайлы инвестициялық климат орнату жайы сөз болды.

Петер Сийярто өз кезегінде Қазақстан басшысы тарапынан жүргізіліп отырған саясатқа жоғары баға беріп, ынтымақтастықты нығайтуға ынталы екендіктерін жеткізді.  

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 
 
 

Хабарламаларға жазылу