«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы Қазақстанның 20 табиғи нысанына экспедиция жасауды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы Қазақстанның 20 табиғи нысанына экспедиция жасауды бастады

16.07.2018

Бұл туралы аталған компания өкілдері айтты. Басты мақсат - туризмді дамыту мен жаңа тарихи, мәдени туризм бағыттарын жасақтау. Экспедиция 6 бағытты 6 туристік кластерді қамтиды. Қыркүйектің аяғына дейін жалғасатын саяхатқа 150-ге жуық адам қатысады. Оның ішінде тәжірибелі саяхатшылар мен журналистер, Қытай мен Кубейттен келген блогерлер бар.

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бас менеджері:

- Қытайдан осы Тьян-Шаньдағы экспедицияға Куюн Фан деген 200 млн. оқырманы бар блогерді шақырып отырмыз. Кубейттен Фатима Ахмади келіп қосылып отыр.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу