«balapan» телеарнасы «Шахмат патшалығы» мультхикаясының таныстырылымын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«balapan» телеарнасы «Шахмат патшалығы» мультхикаясының таныстырылымын өткізді

03.07.2018
«balapan» телеарнасы «Шахмат патшалығы» мультхикаясының таныстырылымын өткізді

 «balapan» телеарнасы Астанада «Шахмат патшалығы» 3D мультхикаясының таныстырылымын өткізді.

Мультхикаяны телеарна тапсырысы бойынша Дәрмен Сәдуақасовтың Шахмат академиясы түсірген.

Балаларды ақсүйек ойын – шахмат ойнауға үйрету және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мақсаттарын мойнына алған жоба қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрермендерге жол тартады.

Мультхикая 32 бөлімнен тұрады және кейіпкерлер әрбір бөлім барысында шахмат ойынының пайда болуы, шахмат фигуралары, ойын ережелері, әлем чемпиондары, танымал жүріс нұсқалары және өзге де көптеген ақпараттар турасында айтады.

Анимациялық сериал өскелең ұрпақ арасында шахматты кеңінен дәріптеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, телекөрермендер назарына Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясының әдістемесі бойынша шахмат үйренудің озық тәсілдерін ұсынады.

Мультхикаяны кішкентай көрермендер жаңа маусымда тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу