Мақпал Жұмабай: Балаларға шахматты шытырман оқиғалар арқылы үйретеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақпал Жұмабай: Балаларға шахматты шытырман оқиғалар арқылы үйретеміз

05.07.2018

«balapan» телеарнасы кішкентай көрермендеріне «Шахмат патшалығы» атты жаңа мультхикая тарту етті. Төл өнім әйгілі шахматшы, гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың «Шахмат академиясымен» бірігіп түсірілген. 3D форматындағы хикая 32 бөлімнен тұрады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Әр бөлімде кейіпкерлер кішкентай көрерменге шахмат ойнауды үйретеді. Отандық анимациялық жоба 4 жастан жоғары балаларға арналған. 

Мақпал Жұмабай, «balapan» телеарнасының директоры:

Бұл жоба шытырман оқиғаға құрылған. Шахматты балаларға сабақ ретінде әдіс-тәсілдермен емес, шытырман оқиғалармен үйретеміз. Осы 32 серияны көрген көрермен 4-ші разряд материалдарын толық игереді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу