«Balapan» телеарнасы жаңа мультхикаялардың тұсаукесерін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» телеарнасы жаңа мультхикаялардың тұсаукесерін өткізді

07.12.2018

Қазақ анимациясы тарихында тұңғыш рет төл қаһармандарымыз туралы анимациялық жобалар жарыққа шықты. Қазір Астанада сол мультхикаялардың тұсаукесер көрсетілімі өтіп жатыр.

Фариза Мұсақызы, тілші:

«Balapan» телеарнасы бүгін үш бірдей туындының тұсауын кесті. Олар «Ертемір», «Айдар» және «Дала ойындары» деп аталады.

Мақпал Жұмабай, «Balapan» арнасының директоры:

- Жобалар бір-біріне ұқсамайды. Дегенмен, үшеуі де бір мақсатты көздейді. Балаларды жақсылыққа тәрбиелейді. Олардың оқиғасы әлемдегі супер қаһармандардың концепциясына ұқсайды. Жобалар - телеарнаның 8 жылдық ізденісінің нәтижесі. 10 желтоқсаннан бастап көрерменге жол тартады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу