Бүгін Астанада Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтеді

21.06.2018

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Төлеген Мұхамеджанов студия қонағы болды.

 

«Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен бүгін Астананың 20 жылдығына арнап есеп беру кешім өтеді. Биыл Астанаға көшіп келегеніме – 20 жыл. Сондықтан кешімді «Астана – менің тағдырым» депатадым. Бұл концерт, алдымен, өз-өзіме есеп беру концерті.  

Бүгінгі музыканың деңгейі – биік. Қазіргі жастарға тамсанамын. Жастар өте дарынды. Әртүрлі музыкалық шоуларға көзқарасым жақсы. Бірақ, оны өмір салтына айналдырмау керек. Өйткені өмір - шоу емес.

Жасыратыны жоқ, концертіме өзім таңдап, бағалайтын, менің жазған әндерімді орындайтын әншілер қатысады. Ол Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Алтынай және үйдегі ханшайым - жұбайым. Бұлардың өнеріне тамсанамын», - дейді өнер иесі.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу