Астанада Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтеді

30.01.2015
Астанада Қадырғали Көбентайдың шығармашылық кеші өтеді

7 ақпан күні Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚР Мәдениет қайраткері, актер, композитор, әнші Қадырғали Көбентайдың «Жоғалтып алма сен мені» атты шығармашылық кеші өтеді.

Бүгін «Таңшолпанда» қонақта болған композитор: «Кештің негізгі тақырыбы – тіл және ұлтжандылық мәселесі. Онда шәкіртім, Қазақстан  мәдениет саласының үздігі Ершат Қайырханмен бірге өнер көрсетеміз.  Халыққа қос гитарамен екі түрлі бұрауда тамаша туындыларды тарту етпекпіз»,-дейді.

«Кеште Маралтай Райымбекұлы, Гүлнәр Салықбай, Бауыржан Жақып, Ақберен Елгезек, кешегі өткен Есенқұл Жақыпбек сынды ақындардың сөзіне жазылған әндер шырқалады».

«Көбіне әннің сөзіне мән беремін. Себебі, жақсы поэзияны ән арқылы насихаттауға болады. Тұңғышбай Жаманқұлов орындайтын «Өнер адамы» деген әнім бар. Аз ғана нотадан тұратын ән. Бірақ, оның басты міндеті – Есенқұл ағамыздың сөзін насихаттауда болды»,-дейді композитор.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшопланнан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу