Астанада Серікзат Дүйсенғазының шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Серікзат Дүйсенғазының шығармашылық кеші өтеді

11.03.2014
Астанада Серікзат Дүйсенғазының шығармашылық кеші өтеді

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы жақында шығармашылық кешін өткізбекші. Кештің жай-жапсары туралы ол «Таңшолпан» бағдарламасында айтып берді.

 
«Ұлық мереке 22 наурыз күні «Перзент тілегі» деп аталатын шығармашылық кеш өткізбекшіміз. Бұл бірнеше жылдан бері ойда жүрген дүние. Кешке «МузАРТ», «Бәйтерек» тобы, «Жігіттер» квартеті және т.б. танымал өнер жұлдыздары қатыспақ. Кеш барысында ән айтылып, күй күмбірлеп, өлең де оқылады, айтыс та болады»,-дейді ақын.
 
«Айтысқа менің қатарлас достарым мен шәкірттерім шығады. Олардың арасында Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Иран-ғайып Күзембаев, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Сырым Әуезхандар бар».
 
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында өзінің туған ауылындағы бір мектептің қазақ тілі кабинетіне ақынның есімі берілген екен.
 
Бұл турасында ол: «Біздің Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осындай жақсы бастаманы іске асырып жатыр. Бұл жерде тек біз ғана емес. Мысалы, қандай да бір кәсіпкер ауылға барып, бір мектептің жөндеу жұмыстарын өз мойнына алса, әнші барып, концертін қояды. Ал мен оқытушымын. Филолог маман ретінде бір сыныпқа менің атымды беруде, мені соған жауапты қылып қойды. Жылына бір рет оқушылармен кездесу өткізіп, жаңадан шыққан кітаптарды, ғылыми еңбектерді жеткізіп беру – менің мойнымда»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу