Батырхан махаббат пен музыканың егіз ұғым екенін үйреткен аңыз адам еді. Астанада өткен еске алу концертінде көрермен ән арқылы сүйікті әншісімен қайта қауышқандай болды. Ал, досы Карина Абдуллина «Саксофон» әнін Батырсыз орындау қаншалықты ауыр екенін айтты.
2015 жыл Батырдың қазасы тыңдарманның қабырғасын қайыстырғаны анық. Әлі де әншімен кездесіп, пікірлесе алмағанына өкінетін жандар көп.
Әнші Әли Оқаповтың репертуарында Батырға арналған ән бар. Батыр Әли үшін ерекше жан. Себебі, әкесіндей ақылшысы болған.
«Қиын немесе тосын жағдайда ақылды Батыр ағадан сұрайтынмын. Ылғи да орынды, керекті кеңес беретін. Бастысы, біз үшін ол жай ғана әнші, музыкант емес, жанұямыздың да мүшесі еді», - дейді Әли.
Бұл кеште көрермен көздері жасқа тола болды. Тіпті Ресейден келген достары да сахнада сезімге беріліп, көз жастарын жасыра алмады. Валерий Меладзе, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Леонид Агутин Батырға деген сағыштарын сазды әуенмен жеткізді.
Батырды қазақ елі ешқашан ұмытпайтыны анық. Оның соңғы әні мен сөздері тыңдарман жүрегінде.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.