Әнші, сазгер Гаухар Қаспақова Алматы студиясында қонақ болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Жақында түсірген «Қызым менің» әнім қызыма арналады. Қазақ әрқашанда қыз баласын сыйлап, төрге шығарып, «қонақ» деген. Қызым Айзере қазір 6-шы сыныпты бітірді, жасы 12-де. Ұлым Мұстафа 2-ші сыныпты аяқтады.
Қазіргі уақытта ізденістемін. Жаныма жақсы дүние орындағанды жақсы көремін. Жаңа екі ән жазылуда», - дейді әнші.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.