Тігіншілерден құралған «Гаухар тас» тобын Әбунасыр Серіков сынға алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тігіншілерден құралған «Гаухар тас» тобын Әбунасыр Серіков сынға алды (ВИДЕО)

08.04.2017

Бүгінгі «Ән салады мамандар» жобасында соңғы болып «Гаухар тас» тобы өнер көрсетті. Топ тәлімгері - әнші Айқын Төлепберген. Олар «KeshYou»  тобының «Қазақтың қыздары» әнін орындады.

Қазылар алқасының  мүшесі Жанар Айжанова «Ән орындауларың  көңілден шықпағанымен, «KeshYou»  тобының 10 жылда дайындаған әнін сахнаға 10 күнде дайындап шығу - ерлік» деп атап өтсе, Әбунасыр Серіков «Киімдерің әдемі болғанымен, соған сай болмадыңдар, сахнаға шыққан соң әнді жүрекке жеткізу керек еді», деген сыни пікірін білдірді.

Топ мүшелері уақыттың аздығынан дұрыс өнер көрсете алмағандықтарын, айтылған сынның орынды болғанын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу