Айқын әнін аты аңызға айналған Michael Jackson-ге арнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын әнін аты аңызға айналған Michael Jackson-ге арнады

10.12.2017

«Silk Way Star» байқауында өнер көрсетіп жүрген Айқын бұл жолы Babyface, Stevie Wonder, Michael Jackson секілді үш бірдей аңыз адам шырқаған әнді орындады.

 

«Бүгінгі орындайтын әнімді мен Майкл Джексонға  арнағым келеді. Орындалатын ән «Gone too soon» деп аталады. Кезінде Майкл Джексон бұл әнді ақ қанмен ауырған бір балаға арнаған. Себебі, бала 12 жасында қайтыс болып кетті», - дейді Айқын Төлепберген.

 

Қазылар алқасының мүшесі Иса Меликов (Әзірбайжан):

 

- Мен сенің арынды даусыңа үйреніп қалыппын. Бүгін сенің мелизмдер арасына батып кеткеніңді көрдім. Өте әдемі естілді, сауатты болды, кәсіби шықты. Саған жарасатынын, жараспайтынын әлі түсіне қойған жоқпын. Ол туралы кейін сөйлесеміз деп ойлаймын. Таңдаудың өзі нағыз тәуекел деп айтар едім. Өйткені, тіпті музыканттардың көбісі мұндай музыка тыңдамайды. Сол үшін бәрекелді дегім келеді.

Хабарламаларға жазылу