Ефенди сахналас достарына арнап «Бірге» әнін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ефенди сахналас достарына арнап «Бірге» әнін айтты

03.12.2017

«Silk Way Star» сахнасына келесі болып шыққан Ефенди. Сахнаға шыққан сайын көрерменге керемет әсер қалдыратын ару бұл жолы да тамаша өнер көрсетті.

Жоба жүргізушісі және талантты әнші Кәмшат Жолдыбаеваның әнін орындаған әзірбайжан қызы «Бірге» әнін сахналас достарына арнады.

«Ол - талант пен еңбекті ұштастырған әнші. Орындау шеберлігі керемет, дауысының мүмкіншілігі де жоғары», - дейді Темо.

Қазылар алқасының мүшесі Тамара Аптсиаури (Грузия):

- Ефенди, сен маған өте ұнайсың. Жақсы орындайсың. Сен бүгінгі әнді жеткіздің. Бірақ, саған күрделі әндер көбірек жарасады екен.

Хабарламаларға жазылу