FIFA-2018: «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Әлем чемпионатының ашық көрсетілімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

FIFA-2018: «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Әлем чемпионатының ашық көрсетілімі өтті

14.06.2018
FIFA-2018: «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Әлем чемпионатының ашық көрсетілімі өтті

Бүгін Астанада FIFA-2018 футболдан Әлем чемпионатының ашық көрсетілімі өтті. «Қазақстан» РТРК» АҚ «QAZSPORT» телеарнасының комментаторлары Мәскеудің әйгілі «Лужники» стадионынан тікелей хабар таратты.

Елорда тұрғындары мен қонақтары төрткүл дүние көз тіккен доп додасының ашылу салтанаты мен XXI Әлем чемпионатының алғашқы матчы Ресей-Сауд Арабиясы арасындағы ойынды ашық аспан астында тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

 Шара аясында «Астана» футбол клубының ойыншыларымен кездесу және жас футбол жанкүйерлеріне арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Ең белсенді жанкүйерлерге футболшылардың қолтаңбасымен доп сыйға берілді. Ашық аспан астындағы футбол кешінің жүргізушілері Жансерiк Бейсеев пен Виктор Кирилюк.

Естеріңізге салсақ, FIFА-2018 футболдан Әлем біріншілігі  14 маусым-15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочиде өтетін болады.

Әлем чемпионатының  Қазақстандағы ресми хабар таратушылары  «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары.

Матчтардан бөлек, «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары  бір ай көлемінде әр ойынның алдында «Ресейдегі футбол тойы»  атты ақпараттық-сараптамалық бағдарлама мен «Әлем чемпионатына шолу»  ұсынатын болады. Ал, қазіргі сәтте «Qazsport» арнасының эфирінде «Әлем чемпионатының тарихы» атты ақпараттық-танымдық хабар жүріп жатыр. Онда 1930-2014 жылдар аралығындағы футболдан Әлем чемпионаттарының тарихы мен ерекше оқиғалары туралы деректер қамтылған.

 

Ойындар кестесін жүктеу      

Соңғы жаңалықтар

LIVE LIVE LIVE

«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы

AppStore

Play Market

 

 

Хабарламаларға жазылу