Алматыда жаңа тікұшақтар таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаңа тікұшақтар таныстырылды

13.06.2016
Алматыда жаңа тікұшақтар таныстырылды

«Аспан сіз ойлағаннан да жақын!». Алматыда осындай атаумен «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» компаниясының ұйымдастыруымен жеке тікұшақ модельдерінің көрсетілімі өтті.

Онда заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, соны технологиямен жабдықталған тікұшақтар таныстырылды.

Н125 тікұшағы - кез келген биіктікте, ең күрделі климаттық жағдайлардағы аса ауыр тапсырмаларды орындау үшін жобаланған. Бұл тікұшақ сынақ кезінде 2 минут 21 секундтың ішінде 3000 метр биіктікке көтеріліп, Эверест тауына қонып, әлемдік рекорд орнатқан.

Ал, Н130 - өзге тікұшақтармен салыстырғанда дыбыс деңгейі ең төмен әрі жеңіл бірқозғалтқышты. Бұл тікұшақтар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен шұғыл медициналық көмек көрсетуде, өрт сөндіру және іскерлік авиациялық қызметтерде қолданылады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу