Бүгін елордада «Алтын жебе» халықаралық турнирі жалауын көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордада «Алтын жебе» халықаралық турнирі жалауын көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

12.08.2017
Бүгін елордада «Алтын жебе» халықаралық турнирі жалауын көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін Астанадағы «Қазанат» атшабарында жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирі жалауын көтерді. Жарысқа әлемнің 11 елінен 19 қатысушы келді. Турнирдің ашылу салтанатынан кейін «Ябусамэ» жапондық дәстүрлі садақ ату көрсетілімі өтті.

Бұдан кейін, жамбы атушылар жарыс алаңына шықты. Сап түзеп шыққан сұр мергендердің жеңіске деген жігері бірден сезіліп тұрды. Бес қаруын сайлап келген спортшыларға Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері жарыс алаңында сәттілік тіледі.

Біздің елден жарыста жамбы атудан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2016 жылғы «Ұлы дала ойындары» фестивалінің жеңімпазы Елдос Бадашев және елішілік чемпионатта топ жарып жүрген саңлақтарымыз Сарыбай Айтбек, Айкөз Ералхан, Абзал Тулыбаев, Бекқали Үзденбаев бақ сынады.

Қатысушылардың толық тізімі

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Алтын жебе» турнирінің бүгін екі кезеңі аяқталды. Ертең спортшылар жарыстың үшінші кезеңінде өзара кім мықтыны анықтайды және турнирдің жабылу салтанаты өтеді.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ - турнирдің бас ақпараттық қолдаушысы. Сонымен қатар, аталған шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері қауымдастығы және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтуде.

Хабарламаларға жазылу