«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті

08.12.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» баспасөз хатшыларына арналған семинар өтті

Қазіргі кезде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында жоғары деңгейдегі ақпараттық ынтымақтастық орнатылған. Ынтымақтастық аясында білім берудің ағымдағы мәселелері, мектептердің қызметіне арналған жаңалықтар мен бағдарламалар эфирден жүйелі түрде көрсетіліп,  тақырыптық түсірілімдер жүргізіліп отырады.

Байланысты кеңейту мақсатында бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен республикадағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің баспасөз хатшыларына арналған «Жаңа ғасырдың мектептері отандық телеарналар эфирінде» атты семинар өтті.

Шара аясында «Qazaqstan» және «balapan» телеарналарында білім беру жобаларын ақпараттық қолдау тақырыбы бойынша шеберлік сағаттары өткізілді.

Баспасөз хатшылары «balapan» телеарнасының директоры Жанар Шәмелмен кездесіп, арнаның негізгі өнімдеріне қатысты пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, «Qazaqstan» телеарнасының Жаңалықтар бөлімі қызметімен, корпорацияның баспасөз хатшылығы жұмысымен танысып, тікелей эфирдегі бағдарламалардың түсіріліміне қатысты.

Отырыс барысында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ арасында «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын іске асыру бойынша  бірлескен жобалар әзірлеу ұсыныстары қарастырылды.

Хабарламаларға жазылу