Ұлттық биді әлемдік сахнаға шығару үшін не істеу керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық биді әлемдік сахнаға шығару үшін не істеу керек?

30.05.2018

Қазақтың ұлттық билерін негізге ала отырып, джаз, классика, модерн жанрын үйлестірген заманауи үлгідегі туындының қоюшы-режиссері Медет Ағыбаев. Ол қазақтың ұлттық би өнерін шет елдерде насихаттап жүр. Медет Ағыбаев Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Томирис» би ансамблінің жетекшісі.

 

«Қазақтың кең екендігін, еліміздің үлкен табиғатын би арқылы көрсеткім келеді. Шетелге жақсы көріністер қойғым келеді. Қазақтың көптеген күйлері бар. Сол күйлерді жаңа бағытқа шығарып, туынды мен биді араластырып, халыққа паш еткім келеді», - дейді Медет Ағыбаев.

 

2010 жылы ұстаздыққа бет бұрған ұстаз Алматыдағы хореография училищесінде шәкірт тәрбиелей бастады. Кейін «Гүлдер» ансамблінде режиссер-хореограф қызметін атқарды. Вашингтон қаласында түркі халықтарыныңі бас қосқан Наурыз мерекесінде «Гүлдер» би ансамблінің қойған дүниесі көпшіліктің ықыласына бөленді.

2017 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің хореография кафедрасында қызмет ететін маман көптеген тың жобаларды қолға алыпты. Режиссер-хореограф Медет Ағыбаев еліміздің барлық аймағында өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыста.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу