Бүгін қазақ эстрадасындағы танымал әнші Саят Медеуов "Таңшолпанның" Алматы студиясының қонағы болды. Әнші студияда «Әке» атты жаңа бейнебаянының тұсауын кесті.
«Әке» әніне бейнебаян түсіріліп жатқан кезде әкемді сағындым. Ата-анам ауылда тұрады. Әкемді қатты жақсы көремін. Ол кісі жуас, шаруаның адамы. Анамды да әкемді де жақсы көреміз. Бірақ өз басым әкеме жақынмын.
Өз замандастарыммен мақтанамын. Осы кісілермен бір уақытта дүниеге келгеніме қуанамын. Әрқайсысы - бір төбе. Олардың орындаған әндерінің мәні үлкен. Әндері қазақ үшін туған ән. Менің қатарластарымның әндері – ән. Жақсы ән ұмытылмайды. Асыл тас су астында өлмейді, қалқып бәрібір шығады», - дейді өнер иесі.