Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» атты кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» атты кеші өтеді

17.11.2014
Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» атты кеші өтеді

20 қараша күні Астанада Президент оркестрінің әншісі Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» атты шығармашылық кеші өтеді.

«Осы жасқа келгенде махаббатты жырлап жатқаным – менің азаматтығыма сын болар деп,  патриоттық тақырыптағы, Отанды, ел мен жерді, ауылды, туыстарды жырлайтын әндердің басын қосып, кеш беруді жөн көрдім. Бұл кеште соңғы 15-20 жылдағы әндер, ең алғашқы орындаған әндерім жаңаша өңделіп, орындалатын болады. Өзім қызмет ететін Президент оркестрінің толық құрамы өнер көрсетеді»,-дейді әнші.

«Сонымен қатар, атағынан ат үркетін опера әншілері Жанат Шыбықбаев, Әсел Мәдекешова, дәстүрлі әншілер – Елмұра Жаңабергенова, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және «Аламан» тобы болады. Одан басқа өнердегі танымал достарым Саят Медеуов, Тоқтар Серіков, Әйгерім Қалаубаева сынды әншілер қатысады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу