Геннадий Головкин Ванес Мартиросянды нокаутқа жіберді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Ванес Мартиросянды нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

06.05.2018

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 39-кездесуінде америкалық Ванес Мартиросянды айқын басымдықпен жеңді. Лос-Анджелестегі бокс кешінің басты жекпе-жегі 2 раундқа ғана созылды.

Жекпе-жектің алғашқы раундын екі боксшы да сақ бастады. Головкин әдеттегідей шабуылға толық басымдықты бермей, қорғанысты да назарға алды. Бір-бірінің осал тұсын аңдыған боксшылар бір-екі сәтте жойқын соққы алмасты. Мартиросян оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдегендей. Қазақстандық боксшы рингте бірінші нөмірменжұдырықтасса, Ванес қарымта шабуылдарда қарсыласын талдыруға барынша тырысты.

Бірақ, екінші раундтың орта тұсында отандасымыздың жойқын соққыларына шыдай алмаған Ванес Мартиросян нокаутқа түсті.

36 жастағы Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 39 кездесуінің ешқайсысында жеңіліс дәмін тартып көрмеген. Ол WBC, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеуін тағы да қорғап қалды.

Айта кетейік, аталмыш бокс кешін Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфрде көрсетті.

 

Хабарламаларға жазылу