Кәсіпқой бокс. Геннадий Головкин (Қазақстан) — Стив Роллс (Канада) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпқой бокс. Геннадий Головкин (Қазақстан) — Стив Роллс (Канада)

09.06.2019

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктың Madison Square Garden спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберді. Бұл GGG-дің DAZN стримингтік сервисімен келісім шарты аясындағы алғашқы кездесуі болды. 

Сондай-ақ аталмыш бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедов америкалық Маркус МакДэниэлді үшінші раундта нокаутқа жіберіп, WBC International чемпиондық атағына ие болды. Ал Бақтияр Эюбов америкалық боксшы Брайан Себальоге төрешілердің шешімі бойынша есе жіберді.



 

Хабарламаларға жазылу