Әлішер Сүлейменов: Қазақ жастары жаңадан шыққан туындыға үңіліп қарағаны дұрыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Сүлейменов: Қазақ жастары жаңадан шыққан туындыға үңіліп қарағаны дұрыс

30.04.2018

Актер, режиссер Әлішер Сүлейменов «Таңшолпан» төрінде «Шатырдағы бұлт» фильмін түсіру жұмыстарымен бөлісті.

«Шатырдағы бұлт» фильмін көрермен жақсы қабылдады. Кинотуындының идеясын авторға толыққанды түсіндіру қиын. Бірақ, бұл фильм қазақтың жас отбасыларына, жалпы отбасылы боламын деген жастарға, киноны сүйіп көретін көрерменге арналған. Қазақ жастары жаңадан шыққан туындыға үңіліп қарағаны дұрыс. Фильмді жасаған адамдардың басым көпшілігі дебютанттар. Барлық жұмысқа қазақстандық азаматтар атсалысты», - дейді режиссер.

Әлішер Сүлейменов сонымен қатар,«Қазақ хандығы» фильмінде актер ретінде атсалысқан. Қазір ол киноның екінші бөлімі түсірілуде.

«Бірінші және екінші бөлімінде де Самарқан қаласының сол кездегі әмірінің рөлін сомдады. Есімі – Ахмет. Кино күзге қарай шығып қалуы мүмкін», - деді Ә. Сүлейменов.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу