Жас жұбайлар өз дауысын берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас жұбайлар өз дауысын берді

20.11.2022

Сайлауға жаңадан отау құрған жастар келіп, өз таңдауын жасады. Дәл бүгін үйлену тойы өтіп жатқан Дәмелі Елеуқұлова мен Әлішер Айтбаев 127- сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Отбасылы өмірге жаңадан аяқ басқан жастар «бүгін біз үшін маңызды күн» - дейді. Еліміз үшін маңызды шара кезінде де өздерінің азаматтық борышын орындауға алдын ала жоспарлап қойыпты. Саяси науқанға қатысып, дауыс берген жас жұбайларға сайлау комиссиясының өкілдері естелік сыйлық табыс етті.

Әлішер Айтбаев, қала тұрғыны:

Бұған дейін осы сайлауға өзім келемін деп ойлаған едім, бірақ өзімнің жұбайыммен келгеніме қуаныштымын. Осы сайлауымыз бәрімізге сәтті болсын. Әр азаматтың таңдауы ойдағыдай болсын. Жетістіктерге жете берсін, алға өркендей берсін еліміз.


Хабарламаларға жазылу