Анимация қалай жасалады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анимация қалай жасалады?

08.07.2015
Анимация қалай жасалады?

Он минуттық туындыға 14 мың сурет! Аниматорлар мультфильм дайындау үшін осынша еңбектенеді. Мультфильмді жақсы көрмейтін адам жоқ. Әсіресе, бояуы қанық мультфильмдер баланың жанына ерекше жақын.

Кинодраматург Ербол Бораншы мультфильмнің сценарийін жазғанда халқымыздың аса бай ауыз әдебиетіне жүгінеді. Сан ғасырлық аңыз-ертегілеріміз анимациялық туындының сюжетіне әбден лайық. Алайда, қазір жеткілікті деңгейде игерілмей жатыр. «Бабадан қалған ұшан теңіз мұраны экранға шығарсақ, ұтылмасымыз анық»,-дейді Ербол.

«Мультфильмде балаға беретін тәлім-тәрбие, айтар ой болу керек. Сондай-ақ, анимацияны аса күрделі емес, әр жасқа шақтап жасаған дұрыс»,-дейді ол.    

Анимация – инемен құдық қазғандай ауыр еңбек. Бір әрекеттің  әр сатысын бейнелеп, тұтас оқиғасын ойластыру – қат-қабат шаруа. Мысалы, мультфильмдегі бір секунд үшін 24 сурет салынады. Сонда 10 минуттық туындыға 14 мың сурет керек.

Режиссер-аниматор Тұрдыбек Майдан фильмнің тартымды, жинақы шығуы режиссерге байланысты екенін айтады. «Көрерменді ұйықтатып алмас үшін фильмдегі ырғақ – режиссурадағы басты нәрсе»,-дейді ол.

Отандық аниматорлардың жұмысы туралы    көре аласыздар.   

Хабарламаларға жазылу