Бексұлтан Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» романы түрік тіліне аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бексұлтан Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» романы түрік тіліне аударылды

24.02.2016
Бексұлтан Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт» романы түрік тіліне аударылды
Шараға Анадолының белгілі жазушылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен студенттер қатысты.

Қазақ жазушысының романымен танысып шыққан оқырмандар, туындыға жоғары баға берді. «Автор кітаптағы кейіпкерлердің өмір жолын, көңіл-күйлері мен шынайы сезімдерін көркем суреттей білген»,-дейді олар.

Тұсаукесерге қатысқан Түркияның ұлттық кітапханасының өкілдері Бексұлтан Нұржекеевтің кітабын өз мұрағаттарына алып, шығарманы түрік жастарына тарататынын жеткізді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу