Атырау облыстық қазақ драма театрының құрылғанына - 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облыстық қазақ драма театрының құрылғанына - 80 жыл

24.04.2018

Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры араға 30 жыл салып, Алматы қаласының көрермендерімен қайта жүздесті. Биыл құрылғанына 80 жыл толған өнер ұжымына ақпан айында академиялық театр атағы берілді.

Көпшілік 5 күн бойы түрлі жанрдағы өнерді сүйсіне тамашалады. Қазақстандағы байырғы өнер ордаларының бірі -  Атырау облыстық қазақ драма театрының ірге тасы 1938 жылы қаланған. Сол жылы құрамына Петропавл, ал 1948 жылы Орал театрларының труппалары келіп қосылған ұжым шымылдығын Мұқтар Әуезовтың «Түнгі сарын» туындысымен ашқан еді.

Өнер ордасына 1969 жылы Махамбеттің есімі берілді. Еліміздің барлық аймағын, шетелдерді аралап, өнерімен тәнті еткен театр ұжымы Мұқтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының шақыруымен Алматыға ат басын бұрды.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу