26 сәуір күні жас педагогтар слеті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

26 сәуір күні жас педагогтар слеті өтеді

24.04.2018

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, профессор Гаухар Алдамбергенова студия қонағы болды.

«Ғылым мен білімнің қара шаңырағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын іске асыру жолында көп еңбек етіп жатыр. Соның бірі – Жас педагог ғалымдардың ассоциациясын құру. Осыған орай 26 сәуір күні жас педагогтар слеті өтеді. Ол слеттің мақсаты – диалог алаңын құру, жас мамандарды біріктіріп, алдыңғы тәжірибелерді ортаға салу.

Осыған қоса Ассоциация жұмысында тренингтер, қысқы, жазғы мектептер ашылады. Онда жас ғалымдар үздік тәжірибемен бөлісетін болады. Сонымен қатар, сырт мемлекеттермен байланысымызды күшейтсек дейміз. 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар өзіндік ғылыми еңбектерін ұсынатын болады. Шет мемлекеттің алдыңғы қатардағы оқу орындарымен байланысатын боламыз», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу