28 сәуір күні ҚХА-ның 26-шы сессиясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 сәуір күні ҚХА-ның 26-шы сессиясы өтеді

27.04.2018

Жазушы Камал Әбілқасымқызы «Таңшолпанның» төрінде қонақ болды.

«Ертең Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» сессиясы өтпекші. Қазіргі кезде біздің қоғамда өте кеңінен талқыланатын, Елбасының жыл сайын айтылатын халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бастамасы қуантты. Оны іске асырудың тетіктері ойластырылып жатыр. Қарап отырсаң, ең қорғансыз топ – студенттер, олардың жатақханасы, гранттар. Ертеңгі жиналыста осы бастаманы іске асырудың жолдарын талқылау мүмкіндігі болады.

Ассамблеяға 1 500 астам адам қатысады. Олардың ішінде шетелдік, ерекше қонақтар болады. Мысалы, Қазақстанда кіндік қаны тамған, Еңбек жолын Қазақстанда бастаған адамдар. Былайша айтқанда, қазақтың өнерін, мәдениетін шетелге таныту мақсатында елден шыққан азаматтар шақырылды», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу