Кітап оқу – рухани кемелденуге бастар жол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітап оқу – рухани кемелденуге бастар жол

13.04.2018

Қанша жерден дамысақ та, дәстүрлі кітап оқудың орыны бөлек. Кітап оқу - ол да бір мәдениет. Дамып, өркендеу үшін кітап қоры бай болу керек. Осылайша рухани қажеттіліктерімізді жетілдіріп отырамыз.

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын таныстыру рәсіміне қатысты. Осыған орай философия ғылымдарының кандидаты Айымжан Әбуқызы студия қонағы болып, осы рәсімнің мәнін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Кеше «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының тұсаукесер рәсімі өтті. Ол процесс басталып кетті. Ол туралы Елбасы да тапсырма берді. Онлайн лекциялар, кітаптардың электронды түрлері пайда болады. Бұл кітаптар ел бойынша бүкіл кітапханаларға тегін таратылады. Кітапханаға баруға мүмкіндік болмаса оны электронды түрде оқуға болады.

Қазіргі уақытта әлемнің жауһарлары 30 кітаптың аудармасы басталып кетті. Ол біраз уақытты алады. Аударма көптеген кезеңдерден өтеді. Мысалы, ғылыми редактор, одан кейін әдеби редактор.

Әлемдік жауһарларды аудару тәжірибесі басқа мемлекеттерде болған. Мысалы, гректердің тарихы, өнері, ғылымы, философиясы.

Бізге мұның барлығы үлкен жұмыс арқылы келді. Әлемдік кітаптарды аудару – үлкен жауапкершілік. Бұл ертеңгі күні біздің ұрпақтарымыз, жастарымыз оқитын құрал», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу