«Шипагер» бағдарламасында тіс ауруының алдын алу жолдары айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шипагер» бағдарламасында тіс ауруының алдын алу жолдары айтылды

17.03.2018

«Шипагер» бағдарламасының бүгінгі шығаралымында «Тісжегінің пайда болу себептері қандай? Тіс пастасы мен щеткасын таңдауда неге мән беру керек? Тісті түзетуге қай жаста көңіл бөлген дұрыс? Ауыз қуысындағы аурулар тұқым қуалайма?» сынды сауалдарға жауап айтылды.

Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша адамдардың 60 пайызы тіс дәрігерінен қорқатыны анықталған. Стомотолог-ортопед Рамазан Бекбауовтың сөзінше, адамдардың арасында ең жиі болатын аурулардың түрі ол тіске қанқұрттың  түсуі.  

Өз кезегінде тіс арасындағы кеңістікке тағам қалдықтарының жиналуы ауру тудырушы бактериялар үшін қоректік орта болып табылады. Ауыз қуысындағы қандай асқыну болмасын бастауын осы жерден алады. Ал, тісжегі кезінде ауырсыну болмай, науқас ешқандай шағым білдірмеуі мүмкін. Тіске қатысты осы және басқа да ақпаратты толығырақ «Шипагерден» көре аласыз.

Хабарламаларға жазылу